Қазақстандық балық шаруалары Ақтауда бас қосты

590

Ақтауда жиналған ірі балық шаруашылығы басшылары Каспий теңізінің әлеуетін тиімді пайдалану үшін балық азығын өндіруде жаңа әдістерді қолдану қажет екенін алға тартты. 

Қазақстандық балық шаруалары Ақтауда бас қосты Фото: inbusiness.kz

Тың тақырыпта өткен алғашқы өңіраралық кеңеске Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитеті өкілдері мен Атырау, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері қатысты.

Елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Оған кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелер талқыланды. Мәселен, балық сақтайтын арнайы мұздатқыш қоймалардың жоқтығын, білікті мамандардың тапшылығы атап өтілді.

"Маман жетіспеушілігінен бөлек, елімізде өндірілетін балық жемінің жағдайын да талқылауымыз керек. Өкінішке орай, сапасы төмен болғандықтан, біз жем-шөпті шетелден сатып алуға мәжбүрміз. Бұл түпкілікті өнімнің өзіндік құнына әсер етеді", - дейді кәсіпкер Тұрсынгүл Жақыпова.

Экология министрлігі балық шаруашылығы комитетінің акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Мирас Ғаббасовтың айтуынша, қазіргі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы елімізде оны өндіру мен тұтынуды арттыруға тиіс. Балық шаруашылығын игеру үшін келісімшартты жасау мерзімі 49 жылға өзгертілді, осылайша бизнеске ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік жасалған. Тек балық аулау барысында әр өңірдің ерекшелігін ескеру керектігі айтылды. Талқылау барысында сарапшылар бүкіл ел бойынша балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін ортақ шешімге келу қажет деді.

Өткен жылдың сәуір айында үкімет балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдап, облыста 2030 жылға дейін өсірілетін балық көлемін 100 мың тоннаға арттыру жоспарлануда. Қажетті құзыреттері, білімі, балық аулау, өсіру және қайта өңдеу бойынша үлгілі шаруашылықпен байланыс және тәжірибе алмасуы қажет. Алдағы уақытта Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы дайындалмақ. Айта кетейік, өңірде 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін ұлғайту үшін 218 млрд теңгенің 8 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу