Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының 2024 жылғы несие нарығына жасаған шолуында осындай дерек айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кейінгі 3 жылда мақұлданған автонесие өтінімдерінің үлесі өсіп келеді (2022 жылы – 11%, 2023 жылы – 16%, 2024 жылы – 17%). Бұл нарықта бәсекенің өскенін көрсетеді. Екінші деңгейлі банктер мен автосалондар арасындағы әріптестікті артып, өндірушілер мен дилерлердің ұсыныстары тиімді бола түсті. 2024 жылы ипотека борышының өтінімдерін мақұлдау динамикасы да артты 2023 жылғы 30%-дан 2024 жылы дейін өсті", – делінген мақалада.
Сараптама авторлары банктер несие өтінімдерін іріктеуде босаңдыққа жол бергенін айтады.
"Өтінімдері сапалы іріктеу төлемі кешіктірілген несиелердің үлесінен көрініс тауып жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кешіктірілген несиелердің халық санына шаққандағы үлесі 2,9% болды (бір жыл бұрын көрсеткіш 2,4% болған еді). Оның ішінде кешіктірілген тұтыну несиелерінің үлесі 3,9% (2024 жылдың 1 қаңтарында – 3,2%) ипотекалардағы үлесі 0,3% (2024 жылдың 1 қаңтарында – 30,5%)", - деді деп жазады қауымдастық сарапшылары.