Қазақстандық банктерде ресейлік азаматтар көптеп шот аша бастады

835

Ресей азаматтарының салымдары мен ағымдағы шоттары бойынша қалдықтардың көлемі 2022 жылғы 10 қазанда 678,2 млрд теңгеге жеткен.

Қазақстандық банктерде ресейлік азаматтар көптеп шот аша бастады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше жыл басында бұл көрсеткіш 145,6 млрд теңге болған, жыл басынан бері өсім 532,6 млрд теңгені немесе 366% (+4,6 есе) құрады. Ал банк клиенттерінің саны 156,4 мыңнан 272,9 мың адамға дейін көбейген, өсім 74%, деп жазады inbusiness.kz LS басылымына сілтеме  жасап.

Ұлттық банк дерегінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердегі салым көлемі  жыл басындағы 26 трлн теңгеден аса сомадан 28,2 трлн теңгеге дейін 8,6%-ға өскен. 

Салымдар көлемі бойынша бірінші орында Халық банкі -9,8 трлн теңге (+16,6%), 3,5 трлн теңге, +25% өсіммен екінші орында Kaspi Bank,  үшінші орында  ЦентрКредитБанкі -2,4 трлн теңге (+84,6%) тұр. 

Бұрынғы Сбербанк қазіргі Bereke Bank салымдары қаңтардағы 2,62 трлн теңгеден, қыркүйекте – 897,8 млрд теңгеге дейін азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу