Қазақстандық банктердің активтері өсті

928

Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары нәтиже болды. 

Қазақстандық банктердің активтері өсті

2021 жылдың басында қаржы ұйымдары активтерінің жалпы сомасы 31,17 трлн теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,6%, өткен жылдың осы кезеңінен 16,3%-ға жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Еліміздегі 26 екінші деңгейлі банктердің ішінде 19 қаржы ұйымының активтері айтарлықтай өсті. Оның ішінде Bank RBK көш бастаған. Былтыр аталған қаржы ұйымының активтері 1,5 есе өсіп, 996,6 млрд теңгені құрады.

Жылдық өсім бойынша алғашқы үштікте Сбербанк (+ 43,5%) пен Kaspi Bank (+ 29,4%) бар. 

Сондай-ақ былтыр активтер өсімі бұдан бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, 2019 жылы екінші деңгейлі банктердің активтері – 6,2%, 2018 жылы – 4,2%, 2017 жылы керісінше төмендеген еді.

Сонымен қатар сарапшылар өткен жылы көктемде басталған дағдарысқа қарамастан қазақстандық банктер бұған әзір болғанын айтады. Мамандар мұны 2020 жылы өткен AQR мен байланыстырып отыр.

Активтер сапасын бағалау шаралары қазақстандық 14 банкті қамтыған болатын. Бұл тексерістен былтыр көшбастаған Bank RBK, Сбербанк және Kaspi Bank-те жақсы нәтижемен өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу