Қазақстандық банктерге 47 млн теңге айыппұл салынды

830

8 қаржы институтына әкімшілік айыппұл төлейді.

Қазақстандық банктерге 47 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылдың мамыр айының соңындағы жағдай бойынша еліміздің қаржы секторында екінші деңгейлі 27 банк болды. Олардың активтерінің жалпы сомасы бір жылда 13%-ға өсіп, 28,2 трлн теңгені құрады, деп хабарлады finprom.kz.

Банк активтерінің өсуіне қарамастан биылғы жылдың бірінші жартысында қаржылық қызметтерді пайдаланатындар құқығын қорғау аясында қаржы институттарына қатысты 87 шара қолданылды.

Олардың ішінде әкімшілік айыппұлдар мен реттеушінің ұсыныстары, жазбаша ұйғарымдар бар.  Банктер көп жағдайда ҚР банк заңнамалары мен Ұлттық банктің бекіткен нормативтік-құқықтық актілерін орындамайды. Атап айстса, банктік қарыз бойынша қызмет көрсету, төлем және ақша аудару, бактік шоттар бойынша қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар орын алады. 

Бұл ретте әкімшілік айыппұлдар екінші деңгейді 8 банкке салынды. 2020 жылдың алғашқы жартысында олардың жалпы сомасы 47,6 млн теңгені құрады. 
Қаржы институттары ақша аудару мен төлем жасау бойынша ҚР "Төлем және төлем жүйелері туралы" заңында белгіленген уақытты сақтамау сынды бірқатар құқықтық номаларды бұзған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу