Қазақстандық бес боксшы Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті

520

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасуда. Қазіргі таңда Қазақстан сапынан бес боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

Қазақстандық бес боксшы Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті Фото: Olympic.kz

Атап айтар болса, Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі) жеңіліссіз келеді. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыластарға жол берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу