Қазақстандық бес боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

634

Қазақстандық бес боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық бес боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

Дубайда (БАӘ) бокстан жастар мен жасөсрірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Құрлықтық доданың жартылай финалдық бәсекелері басталып, финалға жолдама алған спортшылар белгілі болды.

Жарыстың басты фавориті саналған жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай жеңісті жолын жалғастырып келе жатыр. Ол жартылай финалда өзбекстандық Мухаммодкадир Мамыржоновтан басым түсті. 
Санжардан бөлек финалға тағы төрт қазақстандық боксшы жолдама алды. 

60 келі: Ерасыл Ермек - Абдурахим Якубов (Тәжікстан) - 5:0

86 келі: Темірлан Мұқатаев - Арген Бақтыбеков (Қырғызстан) - 5:0

54 келі: Айшагүл Елеубаева - Мухлиса Хушвактова (Өзбекстан) - 5:0.

63 келі: Милана Аюпова - Мохира Ахмедова (Өзбекстан) - 3:2

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу