Forbes журналының тізіміне әлемнің ең бай адамдары қатарына қазақстандық бес азамат енген, 2017 жылдың нәтижелері бойынша төртеуінің позициялары жақсарған, деп хабарлайды Today.kz.
729-орында Қазақстан президентінің туыстары, күйеу баласы Тимур Құлыбаев және қызы Динара Құлыбаева. Әрқайсысының байлығы 1,1 миллиард долларға артып, 2018 жылы 3,2 миллиард долларға жеткен. Өткен жылы олар 973-орынды иемденген болатын.
Kazakhmys және RBK Bank бас акционері Владимир Ким 766-орында. Оның байлығы 3,1 миллиард доллар.
Болат Өтемұратов 896-орыннан 924-орынға түскен, байлығы 2,6 миллиард доллар.
Әлімжан Ибрагимовтың байлығы 2,3 миллиард доллар, ол бай қазақстандықтар бестігіне енген соңғы тұлға.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу