Қазақстандық биатлоншылар Австриядағы жаттығу жиынын аяқтады

666

Қазақстандық биатлоншылар Австриядағы жаттығу жиынын аяқтады

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Австриядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, толығымен медициналық тексеруден өтті, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Жиын шілденің бірінші жартысында Обертиллахта өткен болатын. Биатлоншылардың бас бапкері Мақсат Шаранов отандық атлеттердің жиыны қалай өткенін баяндады. 

"Жазғы дайындық кезеңінде біздің атлеттер жүйелі түрде медициналық тексеруден өтеді. Биыл озық үлгідегі медициналық орталығы бар Рамзау қаласына келіп, спортшылардың денсаулығы мен физикалық дайындығын ретке келтірдік. Зерттеу нәтижесі бойынша біз әрбір спортшының жаттығу жоспарына түзету енгіземіз. Қыркүйекте өтетін келесі медициналық тексеру спортшылардың жаңа маусымға дайындығын тексеретін маңызды шара болмақ", - дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу