Қазақстандық бітімгерлер француз тілін үйренеді

413

Курсты "Француз Альянсы" мәдени-білім беру орталығының оқытушылары жүргізеді.

Қазақстандық бітімгерлер француз тілін үйренеді Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің арасынан он тыңдаушы француз тілін үйрену курсын игеруге кірісті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Курс Францияның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оны Алматы қаласындағы "Француз Альянсы" мәдени-білім беру орталығының оқытушылары жүргізеді.

– Келесі жылы бұл курсты жалғастырып, тыңдаушылардың тілді меңгеруін В1 деңгейіне дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Курсты игеру қазақстандық әскери қызметшілерге жергілікті халқының негізгі қарым-қатынас тілі француз тілі болып табылатын Африка елдеріндегі бітімгерлік миссияларға қатысуға мүмкіндік береді, – деп нақтылады орталықтың тілдік дайындық басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе.

Үш айлық қарқынды курсты аяқтаған соң әскери қызметшілер француз тілін A1-A2 базалық деңгейінде меңгеруі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу