Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді

134

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді Фото: Қорғаныс министрлігі

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) аясында бітімгерлік тапсырмаларды атқарып жүрген біздің әскери қызметшілер қазақ халқының бай мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын әлемге танытуға да белсенді үлес қосып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соның бір дәлелі ретінде қазақстандық бітімгерлер Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ұлттық тағамдарға, оның ішінде Наурыз көжеге толы мерекелік дастархан достық пен өзара құрмет рәуішінде өтті.

Сондай-ақ, Үндістан, Непал, Уругвай және Фиджи елдерінің бітімгерлік контингенттері қатысқан спорттық жарыстар да тартысты өрбіді. Кедергілер жолағымен эстафета, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты сайыстарда біздің жігіттер жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.

UNDOF миссиясының ұлттық контингенттері қатысқан бұл іс-шара бітімгерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу