Қазақстандық бітімгерлер Ирак жерін 4 миллионнан астам жарылғыш заттан тазалаған

2739

Алматы қаласындағы ҚР мемлекеттік орталық музейінде "Ирак аспаны астында" атты көшпелі көрме өтеді. Көрме бүгінге жоспарланған.

Қазақстандық бітімгерлер Ирак жерін 4 миллионнан астам жарылғыш заттан тазалаған

Шара Алматыдағы Польшаның бас консульдығы мен "Иракқа бостандық" операциясы барысында қаза тапқан қазақстандық бітімгершілік батальонының капитаны, I дәрежелі "Айбын" орденінің иегері Қайрат Құдабаевтың отбасының ұйымдастыруымен және  қорғаныс министрлігі, "ҚазБат" бітімгерлер жасағы мен ардагерлер одағының қатысуымен жүзеге асады, деп хабарлайды aikyn.kz.

Көрме Польша тәуелсіздігінің қалпына келуінің 100 жылдығына және қазақстандық бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отрядының Ирактан шығарылғанына 10 жыл толуына арналады.

"Ирак аспаны астында" экспозициясындағы 30 фото-сурет жұртшылық назарына алғаш рет ұсынылады.

Капитан Қайрат Құдабаевтың отбасы 10 жыл бойы фото-мұрағаттарды жинаумен айналысыпты. Көрме "ҚазБат" бітімгершілік батальонының Ирактағы 6 жылдық тарихынан сыр шертеді.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық бітімгерлер қызмет барысында Ирак жерін 4 миллионнан астам жарылғыш заттардан тазалаған болатын. 2005 жылы 9 қаңтарда Васип провинциясында бейбітшілік миссияны орындау кезінде қазақстандық сардар, капитан Қайрат Құдабаев ерлікпен қаза тапты. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында Двуречья жерінде жанын пида еткен офицердің жарқын бейнесін мәңгі сақтау мақсатында қазақстандық бітімгерлер Қайрат қызмет еткен Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде ескерткіш-белгі орнатты. Көрмеге ерлікпен қаза тапқан жауынгердің үзеңгілестері, қазақстандық бітімгерлермен қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестері Польшадан шақырылып отыр.

2004-2005 жылы Ирак жеріндегі Польша жасағының бас Қолбасшысы болған генерал Ярослав Гут пен бітімгерлік миссия ардагері, резервтегі подполковник Гжегож Брыш, резервтегі майорлар Томаш Бишчак, Богуслав Адамчык кездесуге арнайы келмек. Олар сапар барысында қазақстандық бітімгерлік полкты аралап, жеке құраммен және Армия үйінде ардагерлер ұйымымен кездеседі.  Сондай-ақ "Ирак аспаны астында" көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, естеліктерімен бөліседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу