Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда жүр

1161

29 сарбаз БҰҰ миссиясын орындайды.

Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда жүр

Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлік батальоны Нью-Делиде жүргенін хабарлады.

"Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері" бітімгерлік миссиясының аясында үнді сарбаздарымен бірге жұмыс істейді. Әзірге сарбаздар Үндістан аумағында оқудан өтіп жатыр. Бір айдың ішінде бақылау бекеттерінде қызмет атқару, базаны күзету, жаяу және көлікпен патрульдеу машықтарын меңгереді. 

"2020 жылы мамыр айында Ливанға "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" бітімгершілік миссиясын орындау үшін 4-ші бітімгершілік ротасы аттанады. Қазақстандық рота бітімгершілік миссиясын Үнді батальоны құрамында орындайтын болады", – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу