Қазақстандық бітімгершілер Ливанға аттанады

1243

Қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.  

Қазақстандық бітімгершілер Ливанға аттанады

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштерінде үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық тараптан меморандумға ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров қол қойса, үнді тарапынан ҚР-да Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты - ҚР Қарулы Күштері бітімгершілік бөлімшесінің "Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштері" миссиясына қатысу, сондай-ақ көрсетілген миссияға қатысатын әскери қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындау үшін құқықтық негізді құру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу