Қазақстандық бизнес Ташкентте өз өнімін ұсынды

1110

Ташкентте Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті.

Қазақстандық бизнес Ташкентте өз өнімін ұсынды

Өз өнімдерін өзбек сатып алушыларына азық-түлік тауарлары, мұнай химиясы, медициналық мақсаттағы бұйымдар және фармацевтика, машина жасау, құрылыс материалдары, IT және т.б. салаларда жұмыс істейтін компаниялар ұсынды.

Қазақстандық делегацияны экспортты қолдау жөніндегі оператор – "QazTrade" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы басқарды.

Сауда-экономикалық миссияның ресми бөлігін аша отырып, Асқарұлы бұл кездесу биылғы жылы бизнестің алғашқы үлкен кездесуі болып табылатынын атап өтті.

"Жыл сайын біздің елдеріміз сауда-экономикалық миссиялармен алмасады. Бұл кәсіпкерлерге нарықтағы жаңа өнімдер мен жаңа ойыншылар туралы көбірек білуге немесе экспорт-импорт өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы СЭМ аясында өзбек тарапының әлеуетті қарсы серіктестерімен 100 В2В астам келіссөз ғана емес, сондай-ақ ірі трейдерлермен, сауда желілерімен, логисттермен, өндірушілермен, тауар биржасымен көшпелі кездесулер өтті. Біз өзбек бизнесі тарапынан қазақстандық тауарлар мен қызметтерге деген жоғары қызығушылықты көрдік", – деп түсіндірді QazTrade Бас директоры А. Асқарұлы.

Қазақстан Өзбекстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бестігіне кіреді. Өзбекстанның сыртқы сауда тауар айналымы тауарларының жартысынан көбі (10 млрд. АҚШ долл.) Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді.

Қазақстанның Өзбекстанға жасаған сауда-экономикалық миссиясының кездесулеріне Өзбек тарапынан 100-ден астам компания қатысты.

СЭМ аясында жалпы сомасы $20,8 млн қазақстандық өнімді жеткізу туралы 5 келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $3,9 млрд-ты құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда 33,1%-ға жоғары.

Бұл ретте Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 33%-ға өсіп, $2,8 млрд құрады, Өзбекстаннан ҚР-ға импорт 2021 жылы $1,1 млрд-ты құрады.

Екі елдің үкіметі екіжақты тауар айналымын $10 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде міндет қойды, оның ішінде өзбек билігінің кейбір азық-түлік тауарларын қоса алғанда, кең тұтынылатын бірқатар тауарларға кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын белгілеу туралы шешімі өзара сауда көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу