Қазақстандық бизнесмендер коронавируспен күреске қаржылай көмек көрсетуде

1204

Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірлерінен жанашырлық жәрдем ретінде қаражат түсіп жатыр.

Қазақстандық бизнесмендер коронавируспен күреске қаржылай көмек көрсетуде

"Еліміздің біраз қалталы азаматтары короновирусқа қарсы күреске қаражат бөлуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы отандық меценаттар мен ірі кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапты", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, бұл ­– қоғамның бірігуінің айқын көрінісі, мемлекет пен бизнес ортақ қатер алдында тұр.

"Қазақстандықтар тағы бір мәрте бірлік пен қажымас қайрат танытып, жақынына жәрдемдесуге және қиын кезеңді бірге өткеруге дайын екенін көрестіп отыр", – деді Айдос Үкібай.

Жиналған қаражат Мемлекеттік комиссияның ұйғарымына сәйкес жұмсалатын болады.

"Қоғамдық Қорға меценаттар мен кәсіпкерлер Тимур Құлыбаевтан – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаевтан – 2 млн доллар, Кеңес Рақышевтан – 1 млн доллар, Ғалымжан Есеновтен – 2 млн доллар, Рашид Сәрсеновтен - 2 млн доллар, Александр Клебановтан – 2 млн, Александр Беловичтен – 2 млн доллар қайырымдылық көмек келіп түсті", – деді Айдос Үкібай.

Қазіргі уақытта Қорға түскен сома – 41 млн долларды құрайды.

Коронавирустық инфекциямен күресті қолдауға қаражат жинау жалғасуда.

Қоғамдық қордың реквизиттері:

Алушы: "Birgemiz" қоғамдық қоры

Банк: ForteBank АҚ-ның Нұр-Сұлтандағы филиалы

Ағымдағы шот (IBAN шоты) KZT: KZ0896503F0009566181

Ағымдағы шот (IBAN шоты) USD: KZ5196503F0009566183

БСН / ЖСН: 200340023803

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу