Қазақстандық бизнесмендер Татарстанға сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырылады

888

Өтініштер 5 сәуірге дейін қабылданады. Әзірге шараға қатысатындықтарын растаған Қазақстан делегациясы құрамында алты түрлі сала өкілдері бар.

Қазақстандық бизнесмендер Татарстанға сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырылады

24-26 сәуір күндері Қазанда "Ресей – ислам әлемі: KazanSummit 2019" IX халықаралық экономикалық саммиті барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық миссиясы өтеді, деп хабарлайды atameken.kz.

Бұл саммит Ресей Федерациясы мен ислам әлемі елдерінің экономикалық өзара іс-қимыл алаңы болып табылады. Мәселен, былтыр саммитке әлемнің 53 елі мен Ресейдің 27 өңірінен 3000 адам қатысқан.

Қазақстаннан баратын делегацияда алты түрлі саланың өкілдері бар.

Татарстанға өз өнімін экспорттауға зор мүмкіндікті байқаған қатысушылардың бірі –SULU және TAZA халал сабынын өндіруші.

"Біздің сабындарымыз көптеген ресейлік марка сияқты жануарлардың майынан емес, өсімдік шикізатынан өндіріледі.  Өніміміз халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткен. "Ресей- ислам әлемі" саммитінде тауарларымызды лайықты бағалайтын сатып алушыларды табамыз деп ойлаймыз. Сонымен қатар біздің өніміміздің бағасы жануар шикізатынан өндірілген өнімдерден кем түспейді", – дейді "Адал плэнт" ЖШС директорының орынбасары Толқын Исабекова.

Осы орайда, "Адал плэнт" ЖШС-ы халал сабындарды Ресей Федерациясына, оның ішінде Дағыстанға экспорттағанын айтып кету керек. Жалпы Қазақстандағы халал сабын өндірушісі Ресейге өз өнімінің 10 пайызын сатпақ.

Татарстандағы сауда-экономикалық миссияны Қазақстанның сыртқы сауда палатасы "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастыруда.

Қазақстаннан баратын делегацияның құрамы енді қалыптасуда. Сауда-экономикалық миссиясы барысында қатысушылардың төмендегі шығандары:

СЭМ-ді өткізу үшін жабдықталған конференц-залды жалға алу;
СЭМ-ді өткізу күні кофе-брейк пен түскі асты ұйымдастыру;
Қазақстаннан барған қатысушылардың тұруы (бір кәсіпорыннан бір адамға және тек СЭМ-ді ресми өткізу уақытында ғана);
Қазақстаннан қатысушылардың барған елдегі трансфері жабылады

Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктік және т.б) қатысушылар өздері төлейді.   

Егер сіз Қазақстан тауар өндірушісі болсаңыз және Ресейге экспорттауға қызығушылық танытсаңыз, сауда-экономикалық миссияға қатысу өтінішін сілтеме бойынша толтырыңыз.   

 Өтініштерді қабылдау мерзімі 5 сәуірге дейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу