Қазақстандық блогер Доминикан республикасы президентінен жеке шақыру алды

246

Қазақстандық полиглот Омар Әлиев бұрын-соңды болмаған танымалдыққа ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық блогер Доминикан республикасы президентінен жеке шақыру алды Фото: Скрин

Алматы медицина колледжінің студенті әлемнің барлық тілінде сөйлей алады.

Әлиевтің даңқы Доминикан республикасының президенті Луис Абинадерге де жетті.

Омар Әлиев әдеттегідей көптеген елдер туының ішінен біреуін суырып алып, сол елдің тілінде сөйлеген видеосын жариялады.

Доминикан республикасының туын алған қазақстандық бірден испан тілінде еркін сөйлеп, осы мемлекетке барып, ұлттық тағамдардың бірін татып көргісі келетінін айтты.

Әлиевті бұл видео жарияланғаннан кейін қызық жаңалық күтіп тұрды. Видеоны Доминикан басшысы көріп, полиглоттың парақшасына жазылды.

Луис Абинадер тіпті видеоның астына шағын пікір қалдырған. Президент Омарды елдің жағажайларын тамашалап, ұлттық тағамдарымен танысуға шақырды.

Сөз соңында Абинадер Омардың таңғажайып елден қайтқысы келмей қалуы мүмкін екенін айтып әзілдеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу