Қазақстандық боксшы Роман Жайлауов (15-2, 9КО) төрт жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралады, деп хабарлайды prosports.kz.
25 жастағы былғары қолғап шебері төрт жылдан бері бокстан қол үзіп қалған. Жақында Роман Жайлауов шаршы алаңға оралуды шешіпті. Boxrec мәліметінше, қазақстандық былғары қолғап шебері 31 қаңтар күні Данияда өтетін бокс кешінеде шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.
Айта кетейік, Роман Жайлауов шаршы алаңға соңғы рет 2015 жылы шыққан болатын. Мансабында алғашқы 15 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, артынша екі кездесуінде қарсыласына есе жіберді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу