Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

633

Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Желіде 21 жастағы қазақстандық боксшы Искандер Харсан мен америкалық Ричард Муньес арасындағы (1-3-1) жекпе-жектің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Харсан үшін бұл кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі. Муньес болса АҚШ-тағы "Алтын қолғап" жарысының жеңімпазы болған.

Харсан қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Айта кетейік, арсан шілдеде WBC ұйымының өңірлік белбеуі үшін жұдырықтасатын болады. Ал маусымда 21 жастағы қазақстандық АҚШ-та ВВВ белбеуі үшін шайқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу