Қазақстандық боксшы екінші жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады

945

Ержан Ордабаев кәсіпқой рингте алғаш рет белоруссиялық Антон Бекишпен (5-21-1, 4 КО) кездесіп, екі рет нокдаунға түсірген.

Қазақстандық боксшы екінші жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ордабаев карьерасындағы екінші жекпе-жегін Ресейдің Каневская станицасында өткен "Гладиатор – 5" бокс кешінде өткізді. Ордабаевтың қарсыласы ресейлік Александр Салтыков болды, оның жекпе-жекке дейінгі рекорды 12-58-3, 7 КО болған. 

Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда, екінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр.

Ордабаев кәсіпқой рингке алғаш рет қыркүйекте Мәскеуде шығып, белоруссиялық Антон Бекишті (5-21-1, 4 КО) екі рет нокдаунға түсіріп, берілуге мәжбүр еткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу