Боксшы Иван Дычко 50 млн теңгеге алданып қалған

193

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіби рингте қанша табыс тапқанын және бір кездері 50 млн теңгеге алданып қалғанын айтты, деп жазды inbusiness.kz сайты Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшы Иван Дычко 50 млн теңгеге алданып қалған Фото: Жеке парақшасынан

"Орташа табысымды нақты айта алмаймын. Кей жекпе-жектерден нөл табыс таптым, ал кейбірінде 20 мың доллар, 50 мың доллар табыс болды. Бірде маған 100 мың доллар (50 миллион теңгеден астам) жалақы уәде етті, бірақ ештеңе алған жоқпын", – деді Дычко Қанат Исмаиловпен болған подкастта.

Боксшы ұйымдастырушыларға алданғанын атап өтті.

"Бұл менің командам да емес еді, ұйымдастырушы тарап алдап кетті. Өз жекпе-жегімді өткіздім, бірақ ештеңе алмадым. Осындай жағдайлар көп кездеседі. Әр жекпе-жектің өз ерекшелігі бар. Бастапқы бес жекпе-жекке келер болсақ, бір раундқа 1000 доллардан аз табысқа келіспеу керек деп ойлаймын. Бұл кем дегенде жол шығындарын жабуға жеткілікті болуы керек", – деді ол.

Айта кетейік, боксшы Иван Дычко 27 желтоқсан күні Алматыда рингке қайта оралады. Иванның қарсыласы – ресейлік Виталий Кудухов (7-2-0, 3КО).

Ол ауыр салмақта "Короли Нокаутов Трофи" бүкілресейлік Гран-при жеңімпазы атанып, әлемнің ТОП-150 ауыр салмақ боксшыларының қатарына енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу