Қазақстандық спортшы қарсыласымен тең түсті

739

Қазақстандық спортшы қарсыласымен тең түсті

Қазақстандық жекпе-жек өкілі Гойти  Дазаев (7-0-0) WFCA 43 турнирінде UFC-дің экс-спортшысымен өткізген жекпе-жегінде тең түсті, деп хабарлайды Qsport.kz.

Шешенстанның Грозный қаласында өткен турнирде отандасымыз бразилиялық Элиас Сильвериоға қарсы жекпе-жек өткізіп, үш раунд қортындысы бойынша қарсыласымен тең түсті. Отанасымыз UFC тұжырымында сынға түскен бразилиялық спортшыны әбден әуре-сарсаңға салғанымен осал тұсын таба алмады. Төрешілер "Көкжал" лақап атымен танылған Гойти мен Сильверионың қолын бірдей көтеріп, жекпе-жектің тең дәрежеде өткенін айтты.

Айта кетейік, Гойти Дазаев сегізбұрышта жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін WFCA турнирінде Самат Эмильбековке қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Ал Сильверио  үшін бұл сегізбұрштағы 16 жекпе-жегі, бразилиялық спортшы 12 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте қарсыласына есе жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу