Қазақстандық боксшы қарсыласын 1 минутта нокаутпен жеңді

674

Қазақстандық боксшы қарсыласын 1 минутта нокаутпен жеңді

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегінде қарсыласын 1 минут 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қуан, қазақ Мадияр Әшкеев қарсыласын 1 раундта құлатып жеңіске жетті", - деп, жекпе-жек алаңынан түсірген видеоны жариялады.

Отандасымыз америкалық боксшы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек бар болғаны 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Отандасымыздың Хосе Антонио Абреуге тиген жойқын соққысына қарсы тұра алмай, тізерлеп барып құлаған. Осыдан кейін,  төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл отандасымыз Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісі. Ол әлі бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу