Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

866

Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен, Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. 

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы қазақстандық Минскте өткен бокс кешінде Босния және Герцоговина өкілі Срдан Говедарицпен (6-7, 3 КО) жұдырықтасты. 

Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен, Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. 29 жастағы Говедариц карьерасында төртінші рет жекпе-жек уақытынан бұрын жеңіліп тұр. Ал қазақстандық боксшы тоғыз жекпе-жегінің сегізін нокаутпен жеңген. 

Айта кетейік, 30 жастағы Жан Кособуцкий Беларусьте жетінші рет жұдырықтасты. Қазақстандық Ресей мен Украинада жекпе-жек өткізген. Мұның алдында Ұлыбританияда жұдырықтасу мүмкіндігі жайлы айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу