Қазақстандық боксшы қыз алғашқы чемпиондық титулына қол жеткізді

759

Қазақстандық боксшы қыз алғашқы чемпиондық титулына қол жеткізді

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) белдігі үшін Мексикада жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы мексикалық 18 жастағы боксшы Аннетт Пабелло болды, онымен Сатыбалдинова кәсіби рингте бұған дейін де жұдырықтасып, ұпай бойынша жеңген. Бастапқыда қазақстандық боксшы қыз басқа қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс болған, алайда ол кездесуден бас тартыпты. Оның орнына Пабелло шықты.

Аннеттке қарсы жекпе-жек сегіз раундқа жалғасты, нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті Сатыбалдиноваға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу