Т.Сағындық ауыр салмақта жартылай финалда жарыстың фавориті саналған өзбекстандық Әлішер Низомовты мерзімінен бұрын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екінші раундта Ә.Низомовтың бапкерлері рингке орамал лақтырып, бәсекеден бас тартуға мәжбүр болды.
Асқар Еркебаев пен Азамат Игібаев жаттықтыратын Тоғамбай биыл қарашада Ұланбатырда жастар арасында өткен Азия чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Ол онда да финалда өзбек боксшысы Амиршох Самадовты 5:0 есебімен тізе бүктірген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу