Қазақстандық боксшы теннисші Рыбакина мен Путинцеваға қатысты шулы мәлімдеме жасады

5578

Шілдеде олар Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын. 

Қазақстандық боксшы теннисші Рыбакина мен Путинцеваға қатысты шулы мәлімдеме жасады Фото: коллаж inbusiness.kz

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балауса Instagram желісіндегі стористе атақты теннисшліерді сынға алды. Шілдеде олар Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын, ал тамыз айында міне АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы турнирге қатысады. 

"Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе қай ұлт болсын кіндік қаны тамған, туған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой. Біздің құрамада да басқа ұлттың қыздары бар, жүректері Қазақ деп соғып тұрған. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүрген. Өйткені олар Қазақстанда туған, олардың отаны Қазақстан! Ауырып өлейін деп тұрсада рингке шығып, соңына дейін күреседі. Өйткені Елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар. Сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу