Қазақстандық боксшылар Флойд Мэйуэзердің бокс залында жаттығады

847

Спортшылармен бірге олардың бапкері Сағатбек Мұсаханов та шетелге кетті.

Қазақстандық боксшылар Флойд Мэйуэзердің бокс залында жаттығады

Қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО), Али Балоев (9-0, 7 КО) және Ескендір Харсан (7-1, 6 КО) жаттығуларының келесі кезеңін Лас-Вегас қаласындағы әйгілі Флойд Мэйуэзердің залында өткізеді, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Спортшылармен бірге олардың бапкері Сағатбек Мұсаханов шетелге кетті, ол МТК Қазақстан баспасөз қызметіне берген сұхбатында: "Біз жалпы физикалық, тактикалық және техникалық дайындықты отанымызда, Алматыда өттік. Енді біз спарринг жұмыстарының кезеңі қалды. Біз Америка Құрама Штаттарына, Лас-Вегас қаласына ұшамыз және Флойд Мэйуэзердің залында 15 наурызға дейін жаттығамыз", – деп атап өтті.

Еске сала кетелік, аталған боксшылардың барлығы соңғы жекпе-жектерін Қазақстанда өткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу