Қазақстандық боксшылар IBO рейтингінде біршама көтерілді

1286

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық боксшылар IBO рейтингінде біршама көтерілді

Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшылар қаншасыншы орындарда тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілетеме жасап хабарлайды. 

Супер ауыр салмақтағы Иван Дычко 54-ші орыннан 55-ке, ал Руслан Мырсатаев 88-ші сатыдан 89-ға түсті. Жан Кособуцкий — IBO Inter-Continental чемпионы.

Бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев бір сатыға сырғып, 82-ші орынға түсті. Еділ Қожамбердиев 92-ші орында тұр (90-шы орында болған).

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы төрт сатыға жылжып, 29-шы орында, Нұрзат Сабыров — 32-ші (2 позицияға түскен), Али Ахмедов 33-ші позицияда (2 орынға сырғыған).

Орта салмақтағы Қанат Ислам өзінің 15-ші орнын сақтап қалды, Мейірім Нұрсұлтанов бұрынғыша 17-ші позицияда қалса, Жәнібек Әлімханұлы 36-орыннан 27-орынға көтерілген. IBO әлем чемпионы - Геннадий Головкин.

Дивизионның бірінші орта қатарында өнер көрсететін Садриддин Ахмедов өз көрсеткішін жақсартып, 28-ші орынға жайғасты (35-ші орында тұрған еді). Мадияр Әшкеев сегіз позицияға жоғарылап, 70-ші орында тұр.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев — 30-шы (28-шіде болған), Данияр Елеусінов 70-ші орында, ал Бобыржан Момынов — 78-ші орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте өз көрсеткішін өзгерткен жоқ, 13-ші, Жанқош Тұраров — 48-ші орында (42-ші болған).

Жеңіл салмақта Виктор Коточигов бес жолға жылжып, 49-шы, Абылайхан Құсайынов 82-ден 74-ші орынға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Станислав Калицкий 97-ші орынға жайғасты (89-шы болған).

Екінші жеңіл дивизионның рейтингінде 77-ші орынды иеленген Ескендір Харсан жеңіл салмақ дәрежесі кестесіне 57-ші орынға ауысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу