Испанияның Костельеон қаласында бокстан халықаралық Boxam турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, үшеуі де жеңіске жетті деп Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
52 келідегі Сабырхан Махмұд панамалық Мартин Пересті жеңіп, келесі айналымға өтті. 63 келіде жұдырықтасатын Зәкір Сафиуллин Марокко өкілі Надир Абдилхакты ұтып, екінші кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов франциялық қарсыласын ұтып, жарысты сенімді жеңіспен бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу