Қазақстандық боксшылар Кубадағы бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады

798

13 қаңтарда басталған бірлескен оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарға дейін жалғасты. 

Қазақстандық боксшылар Кубадағы бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Қазақстандық боксшылардың Кубадағы оқу-жаттығу жиындары аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған жиында ұлттық құрама мүшелері физикалық тұрғыдан дайындықтарын пысықтады. 

"Халықаралық күнтізбе бойынша қаңтар айында қандай да бір ресми жарыс жоқ. Сол себепті, бірлескен жаттығу жиынын өткізу үшін команданың екі құрамын Кубаға алып келдік. Негізінен, ірі турнирлердің барлығы да ақпан-наурыз айларында басталады. Сондықтан, Кубаға келгеніміз өте дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Кубада карантин күшейтілгеніне қарамастан, бізді жақсы қарсы алды. Өте пайдалы жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Біз екі құраммен барсақ, кубалықтар үш құрам шығарды. Жиын екі жақ үшін де тиімді екенін айту керек. Залда, көшеде, жағажайда дайындалып, спаррингтік жекпе-жектер өткіздік. Алда әлі екі матчтық кездесуіміз бар. Қаланы аралап, экскурсия жасап та үлгерді. Осы орайда, жаттығу жиынын ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін", – дейді Ұлттық құрама бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу