Қазақстандық боксшылар Кубаға аттанды

795

16 боксшы екі апта бойы шеберліктерін шыңдайды. 

Қазақстандық боксшылар Кубаға аттанды

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Кубаға оқу-жаттығу жиындарына аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев және құраманың жаттықтырушылары Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Аурпеков, Асқар Еркебаевтың жетекшілігімен 16 боксшы екі апта бойы шеберліктерін шыңдайды. 

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны Олимпиадаға дайындалу кезеңінің бірі ретінде өткізіледі.

Жаттығу жиынына қатысатын спортшылар: Махмуд Сабырхан,  Сакен Бибосынов, Ораз Асылқұлов (52 кг) Серік Теміржанов (57 кг) Ертуған Зейнуллиев (63 кг) Саматали Төлтаев (60 кг) Санатали Төлтаев (63 кг) Абылайхан Жүсіпов, Қуан Қуатов (69 кг) Абылхан Аманқұл, Райс Нұрқанат, Ермахан Жақыпбеков (75 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг) Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай (91 кг)  Нұрлан Сапарбай (+91 кг)
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу