Қазақстандық боксшылар олимпиада жолдамасын Иорданияда сарапқа салады

943

Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі Иорданияның Амман қаласында өтеді. 

Қазақстандық боксшылар олимпиада жолдамасын Иорданияда сарапқа салады

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

Бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі 3-11 наурыз аралығында Амман қаласында өтетіні ресми түрде хабарланды. 

"ХОК-тың жұмыс тобы және Қытайдың Олимпиада комитеті 2020 жылдың 3-14 ақпаны аралығында Қытайдың Ухань қаласында өтуге тиіс турнирді аталған аймақта коронавирустың таралуына байланысты кейінге шегерген болатын. Түрлі нұсқаларды қарастырған жұмыс тобы іріктеу додасына қарқынды дайындалып жатқан спортшыларға ыңғайлы болу үшін Иордания Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өтінімін мақұлдады", - делінген хатта. 

"Жұмыс тобы іріктеу турнирін қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға көмектескен баршаңызға алғыс білдіреді", - делінген ресми хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу