Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

653

Қазақстандық боксшылардың позициялары бұрынғы қалпында қалған. 

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасындағы мәліметке сәйкес, қазақстандық боксшылардың позициялары бұрынғы қалпында қалған.

Атап айтқанда, супер ауыр салмақтағы Иван Дычко 15-орында тұр. "Суперчемпион" атағы британдық Энтони Джошуада. Рейтингтің үздік үштігін Тревор Брайан (АҚШ), Александр Усик (Украина) және Фрес Окендо (Пуэрто-Рико) құрап отыр.

Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы оныншы орнын сақтап қалды. Бұл санатта алдыңғы үштікке британдықтар Джон Райдер мен кіші Крис Юбэнк, сондай-ақ ресейлік Федор Чудинов орналастырылған. Басты чемпиондық белдікке Ұлыбританияның тағы бір өкілі Каллум Смит ие болып отыр.

Ал орта салмақта бірінші орында Геннадий Головкин тұр. ТОП-үштікте сондай-ақ Джефф Хорн (Австралия) және Риота Мурата (Жапония) бар. WBA (Super) чемпионы - мексикалық боксшы Сауль Альварес.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жанабаев 10-ыншы позицияда қалды. Бұл салмақтағы көшбасшы - ресейлік Александр Беспутин, одан кейінгі орындарға америкалықтар Дэнни Гарсия мен Майки Гарсия орналасқан. Чемпиондық титул АҚШ-тың өзге өкілі Кит Тумранға тиесілі. ⠀

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу