Қазақстандық боксшылардың ширек финалдағы қарсыластары анықталды

787

Екатеринбургте бокстан әлем чемпионаты жалғасуда.

Қазақстандық боксшылардың ширек финалдағы қарсыластары анықталды Фото: olympic.kz

Бүгін әлемдік доданың  ¼ айналымындағы бәсекелер өтеді. Шаршы алаңға Қазақстан атынан жеті боксшы шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалға дейін сүрінбеген қазақстандық боксшылар тізімі: Сәкен Бибосынов (52 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі). 

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов армениялық Артур Оганесянмен жұдырықтасады. Тұрсынбай Құлахмет тағы бір Армения өкілі Арман Дарчинянмен кездеседі. Василий Левит иорданиялық Хуссейн Яшаишпен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Кешкі сессияда Абылайхан Жүсіпов Доминикан Республикасының өкілі Роан Поланкмен кездеседі. Бекзат Нұрдәулетов түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев германиялық Нелви Тиафакпен, Қайрат Ерәлиев өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиовпен жұдырықтасады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу