Қазақстандық боксшыны жекпе-жек андеркартынан алып тастады

622

Қазақстандық боксшыны жекпе-жек андеркартынан алып тастады

Қазақстандық боксшыны Уайлдер - Ортис жекпе-жегінің андеркартынан алып тастады
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Шыңғысхан Тәжібай (5-0, 2 КО) Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында бүгін өтетін бокс кешіне қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында BoxRec.com сайында қазақстандық боксшы андеркарт қатысуышысы ретінде көрсетілген болатын. Алты раундқа есептелген бұл жекпе-жекке қарсылас табылмаған. Қазіргі кезде оның есімі кешке қатысатын боксшылар тізімінде жоқ. 
Бұл Шыңғысхан Тәжібайдың алтыншы жекпе-жегі болуы керек еді. Боксшы алдыңғы бес жекпе-жекте жеңіске жеткен және екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. 
Бұл бокс кешінің басты оқиғасы аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (39-0, 38 KO) мен кубалық Луис Ортистің (28-0, 24 KO) жұдырықтасуы болмақ.
Сонымен қатар, шоу аясында рингке қазақстандық Геннадий Головкиннің мендетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО) америкалық Дашон Джонсонмен (22-22-3, 7 KO) жұдырықтасады.
Сонымен қатар, Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық кіші Вилли Монро (21-3-0, 6 КО) жұдырықтасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу