Қазақстандық брендтер Ресейдің мыңнан астам дүкеніне ұсынылды

2220

Қазақстандық брендтер Ресейдің мыңнан астам дүкеніне ұсынылды

Ресей дүкендерінің сөрелеріне Қазақстанның он өнім өндірушісінің тауары орналастырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отандық өндірушілердің тауарын Ресейлік ірі өңірлік сауда желілеріне өткізуге "Kazakh Invest" ҰК  мұрындық болды.

Kazakh Invest алғаш рет бұл жобаны 2016 жылы бастаған. Ол кезде қазақстандық жетекші компаниялар Ресейдің "Мария–Ра" және "Кировский" өңірлік сауда желілеріне 42 тауар түрін ұсынған болатын. "Ресейдегі қазақстандық тауарлар апталығы" науқаны бір уақытта Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемер, Томск және Новокузнецкте өтіп, отандық өндірушілердің тауарын 900-дей сауда орнында таныстыруға жол ашты.

Былтыр Қытай, Иран және Ресей сынды ірі нарықтарға мақсатты бағытталған 3 шатырлы бренд құрылды. Олар: "Qazaq Organic Food", "KazMeat", "Halal Kazakhstan".

Биыл отандық тауарларды Ресей нарығында сату мүмкіндігіне ие болу үшін Kazakh Invest Томскте "ЛАМА" компаниялар тобының сауда желілерін: INTERSPAR, SPAR, "ФудCity", "Абрикос", сондай-ақ, Архангельскте, Северодвинскте және Новодвинскте: "Петровский" және "Петромост" секілді сауда желілерін іске қосты. Осылайша, белгілі қазақстандық брендтер Ресейдің мыңнан астам дүкендеріне ұсынылды.

"Қазақстандық тауарларды РФ-тің сауда желілеріне қосу бағдарламасы ресейлік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, біз ресейлік сауда желілеріне өз өнімдерімізді жеткізу бойынша келісімшартқа алғаш рет қол қойдық. Бұл көрші елдің нарығына шығып, қазақстандық тауардың экспортталуын ұлғайтудың бірегей мүмкіндігі. Әзірге біз шағын топтамамен жеткізіп жатырмыз, дегенмен, экспорт көлемін қазіргісінен үш есеге ұлғайтамыз деген жоспар бар. Бұндай жобалар өте тиімді әрі бизнесте сұранысқа ие", — деп пікірімен бөлісті "Жаңа Әлжан диірмен комбинаты" ЖШС бас директоры Қанат Тапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу