Қазақстандық брокерлерге ЕАЭО биржасына жол ашылды

Бұл туралы ел Үкіметі қаулы етіп отыр.   

Қазақстандық брокерлерге ЕАЭО биржасына жол ашылды Фото: FinGramota.kz

Әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қою үшін брокерлер мен дилерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қор нарықтарына өзара кіргізу туралы келісімді жолдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– ҚР Үкіметі қаулы етеді: "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттер биржаларының (сауданы ұйымдастырушылардың) ұйымдастырылған сауда-саттығына қатысуға рұқсат беру туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін, – деп жазылған құжатта.

Келісімнің нысанасы бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттің биржасы өткізетін, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылған сауда-саттыққа (туынды қаржы құралдары болып табылатын шарттар жасасуға) (бұдан әрі – туынды қаржы құралдары) қатысуға рұқсат беруді қамтамасыз ету болып саналады. 

– Әрбір мүше мемлекет дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін басқа мүше мемлекеттердің дилерлерінің, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының ережелерін ескере отырып, тек ғана ұлттық клиенттер мен шетелдік клиенттердің мүддесінде брокерлік қызметті жүзеге асыру үшін басқа мүше мемлекеттердің брокерлерінің биржаның (сауданы ұйымдастырушының) ұйымдастырылған сауда-саттығына қатысуына рұқсат беру үшін жағдайлар жасайды, – делінген құжат мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу