Қазақстандық ЦентрКредит Банкі Альфа-Банктің еншілес ұйымын сатып алу мәмілесін аяқтады

992

Қайта тіркеуден өткеннен кейін банк "ЭКО БАНК" ЕБ АҚ толық атауымен  жұмыс істейді. 

Қазақстандық ЦентрКредит Банкі Альфа-Банктің еншілес ұйымын сатып алу мәмілесін аяқтады

Қазақстандық "Банк ЦентрКредит" АҚ (ЦКК) ресейлік "Альфа-Банктің" еншілес ұйымын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ЦК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Банк ЦентрКредит" АҚ "Альфа-Банк Қазақстан" АҚ ЕБ-ның 100% акцияларын сатып алу бойынша мәміленің аяқталғаны туралы хабарлайды. Қайта тіркеуден өткеннен кейін банк "ЭКО БАНК" ЕБ АҚ толық атауымен, жаңа ECO BANK брендімен жұмыс істейтін болады”, – деп жазылған хабарламада.  

Айта кететіні, санкцияға ұшыраған банкті сатып алу Қазақстанда алғаш рет және барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылуда.  

“Осы транзакцияның барлық қатысушыларына сәтті нәтиже үшін алғыс айтқым келеді. Біз үшін бастысы – бар тұтынушылардың сұраныстарын шешу. Біз сондай-ақ ұжымға көңіл бөліп, жаңа Банктің бизнес-процестеріне қызметкерлердің қатысуын арттыруға тиіспіз. Осының барлығы біздің ұстанымымызды одан әрі нығайтуға және ұзақ мерзімді және серіктестік қарым-қатынасты құра отырып, клиенттеріміз үшін жаңа ыңғайлы және қарапайым банк өнімдерін шығаруға көмектеседі", – деп түсіндірді "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасы Галим Хусайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу