Ұзақ сапар барысында бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшақтағы 246 жолаушының ішінде жалғыз дәрігер – қазақстандық травматолог Ерсін Жүнісов болған. Ол жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, борттағы Wi-Fi арқылы Астанадағы кардиоаритмолог дәрігер Аян Әбдірахмановпен байланысып, әріптесімен кеңескен.
Ұшақта медициналық құрал-жабдық өте аз болғанымен, дәрігер жолаушының жағдайын бақылап, оған оттегі беріп, қан қысымы мен пульсін үнемі тексеріп отырған.
Шамамен 10 сағаттан кейін жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ Ташкентке сәтті қонды.
Травматолог Ерсін Жүнісов дәрігерлерге жедел көмек көрсету дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруды, ал жолаушыларға ұшар алдында денсаулық жағдайына мұқият қарауды ұсынды.