Қазақстандық дәрігерлер АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барды

1020

Қазақстандық делегация АҚШ-тың алдыңғы қатарлы ауруханаларын аралап, тәжірибелерін зерттеді. Бұл клиникалар онкологиядағы ғылыми зерттеулер мен технологиялар бойынша әлемде көш бастап тұр.

Қазақстандық дәрігерлер АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барды

Делегация Хьюстон мен Бостон және Нью-Йорктегі ірі медициналық пен ғылыми орталықтарда болып, әлемдік тәжірибелермен танысты, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандық делегация АҚШ-тың алдыңғы қатарлы ауруханаларын аралап, тәжірибелерін зерттеді. Бұл клиникалар онкологиядағы ғылыми зерттеулер мен технологиялар бойынша әлемде көш бастап тұр.

"Ең белгілі Америкадағы дүниежүзілік ғылыми онкологиялық орталықтар, MD Anderson, Memorial Sloan деген орталықтар осы біздің жоба бойынша стратегиялық серіктес болуға дайын болып, өз пікірлерін айтты. Біздің дәрігерлеріміздің білімін көтеру, оқыту осы жерде, сонымен қатар технологияларды Қазақстанға тарту. Ол тек онкология саласы емес, ол генетикалық технологиялар, ақпараттық жүйелер, осыған байланысты бірнеше халықаралық деңгейдегі ең үлкен компаниялармен кездесу өтті", – дейді , ҚР денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Елжан Біртанов.

БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде өткен кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселесі талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу