Қазақстандық дәрігерлер Qatar Airways-тен тегін билет ала алады

586

Тіркеу 12 және 18 мамыр аралығында жүргізіледі.  

Қазақстандық дәрігерлер Qatar Airways-тен тегін билет ала алады

Өйткені бұл компания коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан алдыңғы шептегі медицина қызметкерлеріне 100 мың билетті тегін ұсынып отыр.

Бұл туралы Anadolu ақпараттық агенттігі жариялады. Енді бұл билеттерді 12 және 18 мамыр аралығында алуға болады. Одан кейін тегін үлестіру шарасы жабылады. Медицина қызметкерлері бар болғаны qatarairways.com/ThankYouHeroes сілтемесі арқылы өтінім беруі тиіс.

"Әлемнің барлық еліндегі медицина қызметкерлері билетті алуға құқылы", — деп жазылған мәлімдемеде. Билеттерді брондау 2020 жылдың 26 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы күндерге жасалыуы тиіс.

Qatar Airways әуе тасымалдаушысы індет кесірінен барлық рейстерін тоқтатып тастаған еді. Енді оның ұшақтары күзге қарай ұша бастайды.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4 миллионнан асып, оның 280 мыңдай қаза тапқан. Індет осы уақытқа дейін 187 елге таралып үлгерген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу