Қазақстандық делегация Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрінің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты

С.Абэ Жапонияның Премьер-Министрі ретінде ең ұзақ қызмет еткен көрнекті саясаткер ретінде өз халқының есінде қалды 

Қазақстандық делегация Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрінің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты

Ресми рәсімге 6 мыңнан астам адам, оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шара соңында Қазақстан делегациясының басшысын Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида қабылдады. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Үкіметтің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Министр қазіргі Жапонияның аса көрнекті көшбасшыларының бірі С.Абэның Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

С.Абэ 2015 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарудың бастамашысы болды.

Жауап ретінде Премьер-Министр Ф.Кишида Қазақстан халқын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу