Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы ұрып келген

637

Сыртқы істер министрлігі қызметкерді елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.  

Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы ұрып келген Фото: www.instagram.com/nemolchikz_official

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан. Бұл туралы қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш желіде тиісті бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келемін. Маған көрсеткен бүкіл қорлығы – оның ішінде физикалық, сексуалдық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күйеуімді дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге отырғызғанын қалаймын", - деді Карина Мамаш.

Сөзінше, 5 мамыр күні күйеуі оған және оның әпкесіне күш көрсеткен.

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі мән-жайды Сыртқы істер министрлігінен анықтауымызды сұрады.

"Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров inbusiness.kz-ке берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу