Қазақстандық дипломат ИЫҰ бас хатшысының орынбасары болды

1115

Қазақстандық дипломат  ИЫҰ бас хатшысының орынбасары болды

Дакка қаласында (Бангладеш) өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында қазақстандық дипломат Асқар Мусинов ИЫҰ бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі..

Асқар Мусинов кадрлық дипломат болып табылады, бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, Қазақстанның Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі, сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы және министрдің орынбасары болды. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметінің жолдамасымен ИЫҰ бас хатшылығында бейбітшілік және қақтығыстарды реттеу жөніндегі бөлім басшысының қызметін атқарады.

"Бұл тағайындау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман әлеміндегі беделінің, ислам әлемін дамыту бойынша белсенді қызметінің арқасында мүмкін болды. Қазақстандық өкілдің сайлануы 2017 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен ИЫҰ ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің нәтижелерін іске асыру аясында өте маңызды болып табылады", - деді сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Сайлаудағы жеңіс Қазақстан өкілі ИЫҰ-да осындай жоғары лауазымға бұрын соңды тағайындалмағанымен де ерекше болып отыр. А. Мусиновтың сайлаудағы қарсыласы бангладештік дипломат Камрул Ахсан болды. Қазақстан өкіліне ИЫҰ Азиялық топтың 18 мүшесінің 12-сі дауыс берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу