Бүгін, 15 наурызда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) 89 ҚР азаматы бар 5-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұған дейін төрт репатриациялық рейспен Қазақстанға 587 ҚР азаматы жеткізілгені белгілі.
"Қазіргі уақытта Катовице қаласында және Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 Қазақстан азаматы бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған", – деп жазылған хабарламада.
Украинадағы ҚР Елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласында әлі де 18 Қазақстан азаматы бар. Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкіншілігі жоқ.
ҚР дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты қажетті көмек көрсетілуде.