"Бұл - украин халқына көмектесуге бел буған қазақстандық филантроптардың жеке бастамасы. Елшілік бұл процеске қатысқан жоқ", - деді Смадияров үкімет отырысында журналистерге.
Ол "Қазақстан СІМ бұған қатысты не пікір білдіре алмайды, не тыйым сала алмайды. Өйткені, бұл жеке бастама" деп қосты.
Бұған дейін Украинаның Буча қаласында қазақтар "жеңілмейтін киіз үй" ұйымдастырғаны хабарланған болатын. Осыдан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Украина аумағындағы әрекеттерге қазақстандық дипломаттардың қатысуы туралы ақпаратқа түсініктеме беруге шақырды.