Қазақстандық дипломаттар гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылау үшін Кабулға келді

881

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Қазақстандық дипломаттар гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылау үшін Кабулға келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу