Қазақстандық дизайнер NASA байқауында жеңіске жетті

1180

 Енді АҚШ келісімшартқа отыруға ұсыныс жіберіп, жас маманды жұмысқа шақырып жатыр.

Қазақстандық дизайнер NASA байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық дизайнер Әрсен Сексенбаевтың эскизі NASA байқауында үздік деп танылды. Енді АҚШ келісімшартқа отыруға ұсыныс жіберіп, жас маманды жұмысқа шақырып жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қазіргі уақытта дизайнер алдын ала жасалған келісімшартпен танысып жатыр.

"Келісімшартта көрсетілген талаптардың бірі бойынша мен АҚШ-қа көшіп барамын. Отбасы туралы сөз жоқ онда. Бұл үш жылға жасалған келісімшарттық жұмыс болады", – дейді Сексенбаев.

Айта кетейік, NASA байқауына әлемнен барлығы 100-ден аса адам қатысты. Байқау талаптары бойынша, авторлар эскиздерінде барынша аз заттар қолданып, шығармашылық қиялын көрсетуі керек болатын. Кейінірек ол жұмыстарды онлайн қорғап, комиссия жеңімпазды анықтауға тиіс еді.

Үш жеңімпаз анықталды: Англиядан келген – Хью Тернер, ойындарға анимациялар ойлап табатын қытайлық – Ли Хон Вы мен отандасымыз – Әрсен Сексенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу